Жаңалықтар

Ересек топтар арасында

Мақсаты:

Балалардың дене белсенділігін арттыру

Жылдамдық, ептілік, төзімділік қасиеттерін дамыту

Топпен жұмыс жасауға үйрету

«Сиқырлы глобус» атты мерекелік іс шара.

Мақсаты:

● Балаларды әртүрлі ұлт өкілдерін құрметтеуге, достыққа, өзара көмекке тәрбиелеу;
● Ән айту, би билеу, сахналық мәдениетін дамыту;
● Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Өткізген музыка жетекшісі: Осипова А.Ж.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және озық тәжірибелерді тарату мақсатында республикалық конференция өткізілді.Конференция барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелері қарастырылып, заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдану жолдары талқыланды. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие беру бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.Іс-шараның ерекше бөлігінің бірі – ата-аналар мен тәрбиеленушілердің бірлескен шығармашылық жұмысы болды. Олар ұлы ақын Абай Құнанбайұлы қара сөздерін бірге мәнерлеп айтып, көрермендерге рухани әсер сыйлады.

Бұл көрініс отбасы мен балабақша ынтымақтастығының маңыздылығын айқындап, балалардың тіл байлығын, сахна мәдениетін және ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырды.Іс-шараға еліміздің әр өңірінен келген педагогтер қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

“Шағала” мектепалды топ

Мақсаты: Балалардың кітапқа қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және ата-аналарды бірлескен оқуға тарту.

Тәрбиеші: А.Д. Мықтыбаева