Жаңалықтар

Тәрбиелік: Балаға ата-анасымен бірге әрекет ету арқылы бірлік, өзара көмек, достық сезімін қалыптастыру. Толағай ертегісі арқылы батырлыққа, күштілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Баланың ептілігін, жылдамдығын, тепе-теңдікті сақтауын, ұсақ моторикасын дамыту. Ересек пен баланың бірге қимылдау арқылы үйлесімді жұмыс істеу дағдысын дамыту.

Денсаулықты нығайту: Баланың қимыл белсенділігін арттыру, дене шынықтыруға қызығушылығын ояту. Ата-ананы баланың спорттық дамуына белсенді қатысуға тарту.

Әлеуметтік: Отбасылар арасында достық қарым-қатынас орнату. Баланың көпшілік алдында өзін еркін ұстауына, өз отбасын қолдауына үйрету.

”Балапан” тобы

Мақсаты: Балаларға Сарыарқаның кең байтақ даласы, табиғаты, Сарыарқаның белгілі саңлақтары туралы түсінік қалыптастыру. Туған өлкенің көрікті жерлеріне деген қызығушылығын арттыру, бейнеролик арқылы балалардың танымдық қабілеттерін, ой-өрісін, тіл байлығын және байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Туған жерді сүюге, табиғатты аялауға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және елжандылыққа тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Акниязова Л.Ж.

”Балапан” мектепалды тобы

Тақырыбы: ”Ұлттық ойын ойнайық,ойнайық та ойлайық”

Мақсаты: Ұлттық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін, ойлау, сөйлеу, тапқырлық дағдыларын дамыту. Ұлттық мұраға деген қызығушылығы мен құрметін қалыптастыру.