Жаңалықтар

“Балапан” ересек тобы

Тақырыбы: «Сақ болыңдар, балалар!»

Мақсаты: Балаларға өрттің қауіпті екенін түсіндіру, өрт қауіпсіздігі ережелерін үйрету, отпен ойнаудың зиянын ұғындыру және төтенше жағдайда дұрыс әрекет жасауға тәрбиелеу.

Балалардың сақтық, жауапкершілік дағдыларын дамыту.

Топ: “Аққу “ересек тобы

Мақсаты: Балаларға өрт туралы түсінік беру. Өрт тілсіз жау,өрттен сақтану жолдарын үйрету. Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру.

Тәрбиеші: Бестаева А.Р.

“Балапан” ересек тобы

Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін қорытындылау, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Міндеттері: Сандарды, әріптерді, пішіндерді қайталау. Логикалық ойлауын дамыту. Сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Топпен жұмыс жасауға үйрету.

Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық ойын түрлерін жаңғырту, насихаттау, бүлдіршін балалар бойына сіңіру. Ұлы дала ұрпақтарына тән өжеттік, мергендік, күштілік, әділдік т.б.қасиеттер бойларына дарыған намысты ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу.