Жаңалықтар

”Ақ көгершін” Тобы

Мақсаты: Балаларды өлі және тірі табиғат туралы,жан-жақты түсінік беру. Ойлау және сезіну қабілеттерін қалыптастыру. Табиғатқа деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Тәрбиешісі: Ералы А. Е.

Мақсаты: Балаларда экологиялық мәдениетті қалыптастыруда қоршаған әлеммен таныстыру, байқағыштық пен білуге құштарлықты дамыту. Достыққа және табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Рахметова С.К.

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында ата - аналар және педагогтермен мектепке дейінгі білім беру ұйымының әдіскері Дуйсекулова Лаура Беккалиевна жұмыс жүргізді. Мақсаты: балабақша мен ата - ана арасындағы байланысты нығайту, ата - аналар мен педагогтердің өзара қарым қатынасын арттыру. Адал азаматтарды тәрбиелеуде бірлесе жұмыс жасауға бейімдеу.

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында тәрбиеші Акниязова Любовь Жаксымуратовна ата-аналар және педагогтерге іс - тәжірибесімен бөлісті. Мақсаты: ұлттық ойындарды мектепке дейінгі ұйымда қолдану арқылы балалардың танымдық - зияткерлік және физикалық қабілеттерін арттыру. Ұлттық құндылықтарымызды ойын әрекетіне сүйене отырып патриоттық сезімдерін ояту. Тәртіпке, достық пен татулыққа тәрбиелеу.

“Заң және тәртіп әділдіктің кепілі” тақырыбында ата - аналар және педагогтермен семинар практикум ұйымдастырылды. Мектепке дейінгі ұйымның педагог - психологы Т. Туякбаева және тәрбиеші Г. Мундыбекова “Буллингтің дегеніміз не және оның алдын алу” тақырыбында баяндама оқып, тәжірибелерімен бөлісіп тренинг ұйымдастырды. Тренинг мақсаты: Тәрбиеленушілер арасында агрессияны азайту және алдын алу; Қауіпсіз қолайлы және құрметке негізделген орта құру; Психологиялық денсаулықты сақтау және нығайту; қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу дағдыларын дамыту.