Жаңалықтар

“Ақ сұңқар” мектепалды тобының ашық ұйымдастырылған іс - әрекетіне «Балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы педагогикалық сабақтастық: бірлескен іс-әрекет тәжірибесі» «Педагогикалық sabaqtastyq» жобасы аясында Астана қаласы №30 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері мектепалды топ балаларымен, оқыту - тәрбиелеу жұмысымен танысып балабақша тәрбиешілерімен тәжірибе алмасты.

Мақсаты: Балаларды «қамқорлыққа», «өзіне және өзгеге» деген қамқорлық ұғымдарымен таныстыру, балалардың санасына, өзіне, жақын туыстарына, достарына деген қамқорлық сезімін қалыптастыру және дамыту.

Балаларды адамдарға, айналасындағыларға қамқор, кішіпейіл, мейірімді, қайырымды болуға үйрету;

Достарына, жанұясына, туыстарына сүйіспеншіліктерін арттыру;

Қамқор болуға тәрбиелеу;

Тәрбиеші: Андасова Л.Е.

19 - 20 қаңтар күндері Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті. Ел басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев V мәрте өтіп отырған Ұлттық Құрылтайда елдің даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойын ортаға салды. Сондай - ақ Ұлттық құрылтайдың ел дамуы үшін маңызды алаң екенін атап өтіп, келелі мәселелер төңірегінде сөз қозғады.

Президенттің Ұлттық құрылтайда айтқан бастамалары мен ұсыныстарын біз толық қолдаймыз.

Біз ел Ел басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың барлық бастамасын қолдап, қабылданған заңдардың ел игілігі үшін жұмыс жасайтынына сенеміз. Туған елге деген құрмет әрбіріміздің жүрегімізде болса, ісімізден анық көрінері хақ.

Мақсаты: Ұлттық ойындарды дене тәрбиесінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, ептіліктерін арттыру.

“Ақ сұңқар” тобы

Мақсаты: Балалардың өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу. Ақшаны үнемдеп жұмсау әдетін қалыптастыру.

Тәрбиеші: Мықтыбаева А. Д.