Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және озық тәжірибелерді тарату мақсатында республикалық конференция өткізілді.Конференция барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелері қарастырылып, заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдану жолдары талқыланды. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие беру бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.Іс-шараның ерекше бөлігінің бірі – ата-аналар мен тәрбиеленушілердің бірлескен шығармашылық жұмысы болды. Олар ұлы ақын Абай Құнанбайұлы қара сөздерін бірге мәнерлеп айтып, көрермендерге рухани әсер сыйлады.
Бұл көрініс отбасы мен балабақша ынтымақтастығының маңыздылығын айқындап, балалардың тіл байлығын, сахна мәдениетін және ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырды.Іс-шараға еліміздің әр өңірінен келген педагогтер қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
Тәжірибелі мамандар авторлық бағдарламаларын ұсынып, шеберлік сыныптарын ұйымдастырды.Конференция аясында педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және инновациялық тәжірибелерді енгізу бағытында бірқатар ұсыныстар айтылды.Қорытындысында конференция өз мақсатына жетіп, мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін маңызды алаң болды.

