Жаңалықтар

2025–2026 жаңа оқу жылына алғашқы педагогикалық кеңес өтті!

Бүгінгі педагогикалық кеңесіміз «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың» Тамыз конференциясында айтқан маңызды сөздерімен ашылды. Жиында білім беру ұйымының алдағы жұмысына бағыт-бағдар беріліп, келесі маңызды мәселелер қаралды:

1. Жаңа оқу жылындағы басым бағыттар таныстырылып, білім беру мазмұнын жетілдіруге байланысты нақты міндеттер қойылды.

2. Жылдық жұмыс жоспары бекітіліп, тәрбие мен оқыту үдерісінің жүйелі іске асуы жолға қойылды.

3. Қауіпсіз білім беру ортасын құру – төртінші, бірақ аса маңызды басымдық ретінде нақты шешімдер қабылданды.

4. Ағымдағы мәселелер талқыланып, ұйымдастырушылық және санитарлық бағыттарда ұсыныстар берілді.

Кеңес соңында өз ісіне жауапты, жетістіктерімен көзге түскен педагогтар марапатталып жылы лебіздер айтылды.

Мақсаты:Балаларға ұлттық құндылықтар туралы түсүнік беру. Ұлттық ойындарды ойнайды білуге үйрету. Ұлттық құндылықтарымызды ұмытпау тәрбиелеу.