Жаңалықтар

«Бұлбұл» тобы

Мақсаты: Балаларға ұлттық ойынның ьір түрі “Асық “ ойындар ойнау ға үйрету. Ұлттық құндылықтар туралы түсүнік беру. Достық тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Рахметова Салтанат Кадрияевна

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар

Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, Құдай-ай.

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзім бар!

Ұлағатты ұстаздар мерекелеріңіз құтты болсын!!!

Ұстаздар күні қарсаңында «Ұстазыңды құттықта!» тақырыбында балабақшаның жас маманы Абдалиева Альмира Жаңабергенқызының Астана Халықаралық Педагогикалық колледжіндегі сүйікті ұстазын арнайы балабақшаға шақырып мерекелік құттықтау ұйымдастырылды. Жас маман балабақшадағы өзінің тәжірибесін көрсетіп, ұстазын құттықтады.

Іс-шараның мақсаты: Ұстазға деген құрметті арттыру, олардың ел дамуына қосқан үлесі мен адал еңбегін бағалау және жас ұрпаққа ұстаз тұлғасын үлгі ету.

«Қарттарым - асыл қазынам» тақырыбында балабақшамызда қариялардың қатысуымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты: балалардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, қарттарды құрметтеу, салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.