«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Ұлттық тәрбие - балабақшадан басталады»
- Қаралды: 78
№49 «Алтынай» балабақшасында өткен іс- шара туралы ақпарат 2025 жылдың 10 қазан күні №49 «Алтынай» балабақшасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Ұлттық тәрбие - балабақшадан басталады» тақырыбында қалалық семинар өтті. Мақсаты - «Адал азамат»біртұтас тәрбие бағдарламасын мектепке дейінгі білім беру ұйымында іске асыру және қолдану аясын көрсете отырып,педагогтермен іс-тәжірибе алмасу.


Тақырыбы: ”Абай ойнаған ойындар” тақырыбындағы ұйымдастырылған іс - әрекет өтті.
Тақырыбы: «Денсаулық – басты байлық»
Тақырыбы: «Балабақшада топтарда психологиялық жайлылық құру»
15 қазан күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында Балалар кітапханасы жобасы аясында «Жас тыңдармандар» яғни «Бүркіт» мектепалды тобының тәрбиеленушілерімен кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. Астана қаласының №4 балалар кітапханасына саяхаттап барып кітапханада өзін қалай ұстау тәртібімен, ережелерімен танысты. Кітапхана қызметкерлері балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып түрлі әдеби кітаптармен таныстырып, қызығушылықтарын арттыра білді. Қызықты 3Д форматындағы ертегі кітаптарын қарап, түрлі ойындар ойнап танымдық қабілеттерін арттырды.