Мақсат – балаларға жайлы, таза және әдемі орта қалыптастыру.
Ұжымдық еңбектің арқасында ауламыз бұрынғыдан да көркейіп, ерекше реңге енді.
Таза балабақша – дені сау ұрпақ кепілі!
Мақсат – балаларға жайлы, таза және әдемі орта қалыптастыру.
Ұжымдық еңбектің арқасында ауламыз бұрынғыдан да көркейіп, ерекше реңге енді.
Таза балабақша – дені сау ұрпақ кепілі!
Мақсаты: Педагогтерге Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 6 және 7-баптары негізінде өз құқықтарын білуге, оларды қорғай алуға және кәсіби жауапкершілікті дұрыс түсінуге бағыт беру.
Міндеттері:
Педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру;
Құқық пен жауапкершілік арасындағы тепе-теңдікті түсіндіру;
Даулы жағдайларда кәсіби және психологиялық тұрғыдан дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру;
Педагог пен ата - ана арасындағы өзара әрекеттестікті реттеу;

Наурыз мерекесі балабақшада ерекше сән- салтанатымен өтті. Балалар ұлттық ойындарға қатысып, өнерлерін көрсетті. Ата- аналар да мерекеге қатысып, балалармен бірге наурыз көжеден дәм татып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлес қосты. Осындай шаралар жас ұрпақтың тәрбиесіне үлкен әсер етеді.
Бүгін мектепалды топтары арасында «Ақ сұңқар», «Бүркіт», «Шағала» топтарының қатысуымен ұлттық ойындарға толы ерекше сайыс өтті.
Балалар «бескеней», «бес асық», «шертпек», «асық ату» ойындарын ойнап, ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетсе, «Қара жорға» биі арқылы ұлттық рухты сезіндірді.
Мақсаты: Балалардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру, ептілікке, дәлдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу және қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеу.
Әр топ ерекше белсенділік танытып, ойын барысында достық пен бірліктің үлгісін көрсетті.