25 қазан Республика күніне орай
- Қаралды: 154
25 қазан Республика күніне орай Қазақстан Республикасының гимні Ұлттық музейде Тәуелсіздік залында «Бүркіт» тобының балалары орындады.
25 қазан Республика күніне орай Қазақстан Республикасының гимні Ұлттық музейде Тәуелсіздік залында «Бүркіт» тобының балалары орындады.
"Алтынай" балабақшасында ата-аналардың қатысуымен “Тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераждық комиссиясын ұйымдастырып, тексеріс жүргізілді.
Күн тәртібінде:
1. Балалардың тамақтануын ұйымдастыру;
2. Тамақтану сапасы.
3. Тамақты С дәрумендеу.
4. Тез бұзылатын өнімдерді сақтау және уақытылы пайдалану.
5. Азық-түліктің жарамдылық мерзімдерін бақылау.
Бүлдіршіндеріміздін, ата-аналары балабакшамыздың бір күндік өміріне куә болып, ас мезірімен, тамақтың сақталу ережелерімен танысып, дәмін көріп,өз көздерімен көріп қайтты.
Балабақшамызда 1 қазан Халықаралық қарттар күніне арналған «Қарты бар үйдің - қазынасы бар» тақырыбында әжелер арасында байқау өтті.
Мақсаты: балалардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата-әжесін құрметтеу, салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа,жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Байқауымыз халық әні «Дедім-ау,ау»әнімен басталып, салт-дәстүрге байланысты сұрақ-жауаптар қойылды. Әжелер түрлі материалдардан ою ойып, жіп иіріп, құрақ құрап қол өнерлерін паш етті. Сайысқа қатысқан әжелер жүлделі орындарға ие болып, балабақша атынан сыйлықтар алды.
“Жалпы қалалық сенбілік” Бүгін балабақшамызда «Жалпы қалалық сенбілікті» қолдау мақсатында тазалық акциясы өтті. Ұжымдастарға белсенділіктері үшін алғысымызды білдіреміз.