Жаңалықтар

Кішкентай жүректегі үлкен әлем!

"Қарлығаш" ересек тобы

Бар болғаны 4 жаста болса да, әлем елдерінің жалауларын танып, әрқайсысын ажырата білетін кішкентай зерек балақай!

Бала деген — таңғажайып әлем ғой! Бірі ойын арқылы үйренсе, енді бірі қызығушылығы арқылы тұтас дүниені танып-білуге ұмтылады. Осындай ерекше қабілет пен білімге деген құштарлықты көргенде, еріксіз сүйсінесің.

Бүгінгі кішкентай ізденіс — ертеңгі үлкен жетістіктің бастауы.

Төрт жасында әлемнің сан алуан жалауын танып жүрген балақайдың болашағы жарқын, арманы асқақ болсын!

Әр баланың бойындағы ерекше қабілет ашылып, таланты гүлдей берсін!

№49 "Алтынай" балабақшасының "Қарлығаш" ересек тобының тәрбиеленушісі Серік Мұхаммед Әмин.