«Әжем мен атама сыйлығым» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.
Балалардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, қарттарды құрметтеу, салт – дәстүрден нәр алып , жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында қарияларды шақырып мерекелік құттықтау ұйымдастырылды. Іс - шара барысында балалардың өнерін тамашалап, қариялардан бата алып, өз қолдарымен дайындаған қолөнерлерін табыстады.

