Бүгін мектепалды топтары арасында «Ақ сұңқар», «Бүркіт», «Шағала» топтарының қатысуымен ұлттық ойындарға толы ерекше сайыс өтті.
Балалар «бескеней», «бес асық», «шертпек», «асық ату» ойындарын ойнап, ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетсе, «Қара жорға» биі арқылы ұлттық рухты сезіндірді.
Мақсаты: Балалардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру, ептілікке, дәлдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу және қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеу.
Әр топ ерекше белсенділік танытып, ойын барысында достық пен бірліктің үлгісін көрсетті.
Ұйымдастырып, өткізген: Бағдатова Балжан Бағдатқызы.
Ұлттық ойын – ұлттың қазынасы!
Осындай ойындар арқылы біз болашақ ұрпаққа рухани мұра қалдырамыз.

