Жаңалықтар

Мектепке дейінгі білім беру саласындағы оң өзгерістер

Қалада бүгінгі таңда 67 780 тәрбиеленушісі бар 716 балабақша жұмыс істейді.

Оның ішінде 101 мемлекеттік, 612 жекеменшік және 3 ведомстволық балабақша бар.

Мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші жоғары:

3–6 жас аралығындағы балалар – 100% қамтылған

2–6 жас аралығында – 97,3 % қамту

2025 жылдан бастап ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасы іске қосылып, қаржыландыру балаға бағытталды.

Бүгінде 25 мыңнан астам ваучер беріліп, ата-аналарға 200 мыңнан астам хабарлама жолданды.

Нәтижесінде кезек үштен біріне азайып, экономикалық тиімділік 3,5 млрд теңгені құрады.

Өткен жылы 620 орынға арналған 2 мемлекеттік балабақша ашылды.

2026 жылы тағы 2 099 орынға арналған 7 балабақша ашу жоспарлануда.

Мектепке дейінгі білім беру – болашақтың берік іргетасы!

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6