2026 жыл 6 ақпан күнгі балабақшамызда дене шынықтыру нұсқаушылары өзара тәжірибе алмасу мақсатында кәсіби іс-әрекеттерін көрсетті.
Дене шынықтыру нұсқаушысы-Бағдатова Балжан Бағдатқызы «Ұлттық ойын ойнайық» тақырыбында ұйымдастырылған іс әрекет көрсетті. ҰІӘ негізгі мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық ойындары арқылы қимыл-қозғалысқа баулу, ептілікке, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін жоғары әдістемелік деңгейде өткізді. Ұйымдастырылған іс-әркет барысында қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, негізгі қимыл-қозғалыс түрлерін жетілдіру,сондай-ақ балалардың физикалық белсенділігін арттыруға бағытталған тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер қолданылды.
Ибраева Айгүл Жәкеновна ұлттық ойындар негізінде шеберлік сыныбын өткізіп, дене шынықтыру сабағында қолданылатын дәстүрлі ойындарды білім беру үдерісіне кіріктіру жолдарын, әдістемелік тәсілдерді және инновациялық ойын элементтерін көрсетті. Шеберлік сынып педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және балалардың патриоттық сезімін қалыптастыруға бағытталды.
Аталған іс-шара педагогтердің әдістемелік тәжірибесін байытуға, ұлттық ойындарды жүйелі қолдануға және мектепке дейінгі ұйымдағы дене шынықтыру жұмысының сапасын арттыруға ықпал етті.

