2026 жылдың 20–25 қаңтар аралығында Астана қаласында «Заң және тәртіп» аясында 4-5 мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Менің әкем -полиция қызметкері» тақырыбында республикалық сурет көрмесінің қалалық кезеңі ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараның мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың құқықтық сауаттылық туралы түсініктерін қалыптастыру, сондай-ақ шығармашылық іс-әрекет арқылы полиция қызметкері мамандығына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Астана қаласы бойынша қалалық кезеңге 94 мемлекеттік және 20 жекеменшік балабақшалардан өтініштер түсті, 220 тәрбиеленушінің шығармашылық жұмыстары ұсынылды, соның ішінде мемлекеттік балабақшалардан 175, жекеменшік балабақшалардан -45.
Қатысушылардың жұмыстарында тақырыптың мазмұны толық ашылып, балалардың жас ерекшеліктеріне сай көркемдік шешімдер, бояу үйлесімі мен шығармашылық қиялы байқалды.
Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік деп танылған 2 жұмыс іріктеліп, республикалық кезеңге жолданды.
Республикалық кезеңге ұсынылған жұмыстарды орындаған тәрбиеленушілер мен педагогтер туралы мәлімет:
1. Балабақшаның атауы: Астана қаласы, №49 «Алтынай» балабақшасы МКҚК
Баланың аты-жөні: Марат Көркем
Жасы: 5 жас
Жетекшілік еткен педагог: Андасова Лаура Есиркеповна
Педагогтың жұмыс орны: Астана қаласы, №49 «Алтынай» балабақшасы МКҚК
Аталған іс-шара мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қоғамдағы рөлін түсінуге бағытталған тәрбиелік жұмыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Жеңіс құтты болсын! Балапандар биіктерден көріне берсін!

