№49 «Алтынай» балабақшасында өткен іс- шара туралы ақпарат 2025 жылдың 10 қазан күні №49 «Алтынай» балабақшасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Ұлттық тәрбие - балабақшадан басталады» тақырыбында қалалық семинар өтті. Мақсаты - «Адал азамат»біртұтас тәрбие бағдарламасын мектепке дейінгі білім беру ұйымында іске асыру және қолдану аясын көрсете отырып,педагогтермен іс-тәжірибе алмасу.
Іс- шараға ата-аналар яғни «Аналар мектебі», «Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі» және педагогтер, Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім беру және оқу -әдістемелік орталығы» КММ әдіскерлері А.К. Исабекова, Астана қаласы әкімдігінің №30 мектеп-гимназиясы, Астана Халықаралық Университетінің Жоғары Педагогикалық колледжі, серіктес балабақшалар педагогтері және «Педагог жаршысы» республикалық танымдық-әдістемелік журналының техникалық редакторы, журналист Айсұлу Бәделқызы қатысты.
Іс- шара барысында педагогтер мен тәрбиеленушілер мемлекеттік әнұранды орындап, ұлттық аспаптар оркестрінде ойнады. Аналардың және Педагогикалық колледж студенттерінің қатысуымен «Ерке сылқым», «Келіншек» күй күмбірін сыйлады. Әкелер мектебінің қатысуымен «Ұлттық ойын- ұлт қазынасы» бестемше, бескеней және садақ ату көрсетілді. Әжелер мектебінің қатысуымен «Адал азамат қандай болу керек?» қойылымын көрсетіп бала тәрбиесіндегі рөлін айқындап берді.
«Адал азамат - болашаққа бағдар» - бұл тек ұран емес, бұл - еліміздің келешегін айқындайтын құндылық. Әрбір азаматтың бойындағы адалдық пен ұлт алдындағы адал қызмет – еліміздің табысты дамуының негізі.

