Жаңалықтар

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН “АБАЙ ӘЛЕМІ” АТТЫ АПТАЛЫҚ ӨТУДЕ

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына және 10-тамыздағы Абай күніне орай №49 «Алтынай» балабақшасында «Абай ә лемі» атты балабақша тәрбиеленушілері мен педагогтеріжәне ата-аналар арасындағы мерекелік іс-шара өтті.

–Абай тек арнайы бір күнгі мерекеде ғана аты аталып қалатын тұлға емес. Ол тұтас қазақтың жаны. Мұндағы мақсатымыз балаларға қазақ тілін меңгертудің тиімді жолын анықтау, қазақ тілі арқылы ұлттық құндылықтарды дамыту. Әрі Абай шығармашылығы арқылы балалардың таза, анық, тартымды сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Сонымен қатар біз заманауи үлгіде Абай шығармашылығын халық арасында кеңінен нәсихатталуы үшін оның 45 қара сөзін, арнайы QR кодтермен белгілеп балабақшамыздың төріне іліп қойдық. Оны осында келген ата-аналар да телефоны арқылы сканерлеп жүктеп ала алады. Бұл арқылы біз балалардың ғана емес, олардың ата-аналарының да Абай шығармашылығына деген қызығушылығын арттырып отырмыз.

“Көзімнің қарасы…” ән байқауы ата- аналар арасында өтті. Мақсаты:Ұлы ақынның баға жетпес мол мұрасын балалардың бойына,санасына сіңіру және өскелең ұрпақтың ұлттық рухы мен патриоттық сезімдерін ояту. Ән байқауға тоғыз топтың аналары қатысып өз өнерлерін паш етті. Сонымен қатар «Абай әлемі» тақырыбында кітап бұрышы ұйымдастырылды.Астана қаласының № 4 балалар кітапханасымен бірлескен түрде ауқымды байқау өткізді. Байқауға “Ақ сұңқар”,”Бүркіт”,”Шағала” ересек топтары қазақтың бір туар - ұлы Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқу және қара сөздерін жатқа айту, сонымен қатар мақал-мәтелдерді мнемо кесте арқылы тауып,жұмбақтарды шешіп,жаңылыспай жаңылтпаштар айтып, өз өнерлерінкөрсетті. Мектепалды топтардың тәрбиеленушілері Абайдың “Көзімнің қарасы” атты әнін шырқады.